Президенттің "Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы" Жарлығын іске асыру шеңберінде 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін мораторий енгізу ұсынылған.
ERNUR.KZ. Қазақстанда квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізілмек. Үкімет қаулысының тиісті жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды, деп жазады tengrinews.kz.
Президенттің "Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы" Жарлығын іске асыру шеңберінде 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін мораторий енгізу ұсынылған. Қаулы жобасына сәйкес, осы уақытқа дейін Қазақстанда квазимемлекеттік сектор субъектілерін құру мүмкін болмайды. Оған мыналар кірмейді:
- "Заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы" заңның орындалуын қамтамасыз ету қажеттілігі;
- Қазақстан Президентінің тікелей тапсырмалары бойынша ерекше жағдайлар.
"Жобаны қабылдау мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділігін арттыруға, мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын қысқартуға және жеке секторды дамыту үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді", - делінген құжатқа түсіндірме жазбада.