Қазақстанда жаппай тәртіпсіздікке қатысушылар билік өкілдеріне бағынбағаны үшін жазаланады

0
690

​​Сенат депутаттары жаппай тәртіпсіздіктер, төтенше жағдайлар және лаңкестікке қарсы іс-қимылдар кезінде билік өкілдеріне бағынбағаны үшін жауапкершілікті қарастыратын заң жобасын екі оқылымда қолдады.


Қазақстанда жаппай тәртіпсіздікке қатысушылар билік өкілдеріне бағынбағаны үшін жазаланады

ERNUR.KZ. Құжат мемлекет басшысына қол қоюға жіберілді, деп жазады zakon.kz.

Мұндай норма «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметін өткеру тәртібін жетілдіру, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің құқықтық және әлеуметтік қорғалуы мен жауапкершілігін арттыру, арнаулы мемлекеттік органдар мен әскери қызметшілер, ведомствоаралық үйлестіру, ішкі істер органдарының тәуелсіздігі, жекелеген қылмыстық құқық бұзушылықтар мен қару айналымы үшін жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында белгіленген.

Заң жобасы мына мақсатта әзірленді:

  • құқық қорғау қызметін құқықтық реттеуді жетілдіру;
  • қару айналымы саласындағы талаптарды күшейту;
  • полиция қызметкерлерінің құқықтық қорғалуын арттыру;
  • билік құрылымдары арасындағы тиімді үйлестіруді және билік құрылымдарының шешімдер қабылдаудағы дербестігін қамтамасыз ету;
  • басшыларының жауапкершілік деңгейін арттыру.

Заң жобасының негізгі мақсаты – құқық қорғау қызметі туралы заңнаманы жетілдіру, сонымен бірге құқық қорғау органдары қызметкерлерінің құқықтық және әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыру.

Заң жобасына мынадай түзетулер енгізіледі:

  • конкурс кезеңдері қысқартылды және конкурстан тыс іріктеу талаптары күшейтілді;
  • арнаулы мемлекеттік органдар мен әскери қызметкерлерді құқық қорғау органдарына ауыстыру енгізілді;
  • ведомстволық жоғары оқу орындарына тәжірибелі ғалымдар мен практиктерді қабылдау жеңілдетілді;
  • қызметкерлердің жұмысын бағалау, тәртіптік тәжірибе және көтермелеу, сонымен қатар мерзімінен бұрын атақ беру тәртібі ретке келтірілді.
    Конкурстан тыс қабылдау талабы күшейтіледі. Ал құқық қорғау органдарында бұрын жұмыс істеген адамдар құқық қорғау жүйесіне ауыстырылса, онда құқық қорғау органдарындағы еңбек өтілі үш жылдан кем болмауға тиіс және қатардағы жауынгерді конкурстан тыс әскер қатарына қабылдауға тыйым салынады. Сыныптық шен беру тәртібі күшейтіліп жатыр: бұрын ынталандыру тәртібімен алты атақ берілсе, қазір екеуі ғана. Сонымен қатар арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен әскерилер арнайы тексеруден және әскери-дәрігерлік комиссиядан өтпей-ақ бірден құқық қорғау органдарына бара алады. Аттестаттаудан өткізу тиімділігін бағалау нәтижесі теріс болған қызметкерлерге жатады.ҚР Бас прокурорының орынбасары Әсет Чиндалиев

Бірқатар түзетулер қызметкерлерді әлеуметтік қамсыздандыруға бағытталған. Осылайша, қызметтік міндеттерін орындау кезінде аурудан қайтыс болған қызметкердің отбасы 60 айлық өтемақы алуға құқылы.

Бұл жағдайларда ауру мен қызмет арасындағы себепті байланыстар анықталады. Мысалы, қызметкер карантин шараларына қатысқанда, өлімге әкелген жұқпалы ауруды жұқтырғанда, төлем қарастырылған. Бұл норма ретроактивті, яғни пандемия кезінде қайтыс болған қызметкерлердің отбасыларына да төленеді. Қайтыс болған жұмысшының отбасы тұратын үйден шығаруға тыйым салынады. Сонымен қатар 2025 жылдан бастап құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жалақысы үш жылда бір рет индекстеледі.Әсет Чиндалиев

Түзетулердің келесі пакеті құқық қорғау органдары басшыларының жауапкершілігін арттыруға, қызметкерлердің құқықтық қорғалуын күшейтуге, қару айналымын реттеуге бағытталған.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне жаппай тәртіпсіздіктер, төтенше жағдайлар, лаңкестікке қарсы іс-қимылдар кезінде билік өкілдеріне бағынбау деген квалификациялық белгі енгізілді. Қызметкер мен оның туыстары туралы оның қызметтік міндеттерін орындауына байланысты жеке мәліметтерді заңсыз жинағаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі. Құқық қорғау органдары басшыларының жауапкершілігін күшейтуге келсек, енді төтенше жағдай орын алған жағдайда азаматтардың құқығын, қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін ешқандай шара қолданбаған лауазымды тұлғалар, құқық қорғау органдарының басшылары қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Сонымен қатар осындай жаза өз міндетін орындаудан бас тартқан немесе жалтарған құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне де тағайындалады.Әсет Чиндалиев

Қару айналымына қатысты бірқатар өзгерістер – Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне газ, травматикалық, атыс қаруын заңсыз әкелгені үшін жауапкершілік енгізіліп, аңшы мылтығына рұқсат алу жасы да 18-ден 21-ге дейін ұлғайтылды.

Тиісті комитеттің қорытындысында заң жобасында «дағдарыс жағдайы» және «әлеуметтік-экономикалық саладағы дағдарыс жағдайы» ұғымы, сонымен қатар президенттің төтенше және әлеуметтік төтенше жағдайларды қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттіктері енгізілгені айтылады.

Құжатта сонымен қатар әлеуметтік төтенше жағдайларды жоюға құқық қорғау және арнайы органдарды қолдану, Қарулы Күштерді тарту тәртібі, Қарулы Күштердің арнайы құралдарды, қару-жарақ пен әскери техниканы қолдану ерекшелігін, сонымен қатар дене күшін, арнайы құралдарды, қызметтік иттерді, қаруды, әскери және арнайы техниканы қолданудың шектерін реттейді.