Қазақстанда жолаушылар пойыздары жаңа кестемен жүреді

0
782

​Қазақстандықтар жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесіне қатысты ақпарат алу үшін "105" нөміріне хабарласа алады.


Қазақстанда жолаушылар пойыздары жаңа кестемен жүреді

ERNUR.KZ. "Жолаушылар тасымалы" АҚ қазан айынан бастап кейбір жолаушылар пойызы жиі қатынай бастайтынын хабарлады, деп жазады sputniknews.kz.

Жүру жиілігі артқан пойыздар:

  • №1/2 "Алматы-2 – Шымкент" пойызы – аптасына 1 реттен 3 ретке дейін, Алматыдан-2 стансасынан 10 қазаннан, ал Шымкенттен 11 қазаннан бастап;
  • №11/12 "Алматы-2 – Шымкент" пойызы – аптасына 2 реттен 4 ретке дейін, Алматыдан-2-ден 13 қазанннан, ал Шымкенттен 14 қазаннан бастап;
  • №31/32 "Алматы-2 – Павлодар" пойызы – күн сайын, Алматы-2-ден 11 қазаннан бастап, Павлодардан 12 қазаннан бастап;
  • №603/604 "Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Арқалық" пойызы – күн сайын, Нұр-Сұлтаннан 2 қарашадан, ал Арқалықтан 3 қарашадан бастап.

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесіне қатысты барлық ақпаратты "105" нөміріне хабарласып білуге болады.

Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларды билетті онлайн, соның ішінде ресми Bilet.railways.kz сайты арқылы сатып алуға шақырды. Сондай-ақ, вокзал аумағында және пойыздың ішінде санитарлық талаптарды, әлеуметтік қашықтықты (кемінде 1 метр) сақтауды және бетперде киюді сұрады.