Қазақстанда жұмыртқа бағасы 17 апта қатарынан қымбаттап келеді

0
2 112


Қазақстанда жұмыртқа бағасы 17 апта қатарынан қымбаттап келеді

Қазақстанда жұмыртқа бағасы 17 апта қатарынан қымбаттап келеді, деп жазады Stan.kz


DataНub телергам арнасының мәліметінше, соңғы аптада жұмыртқа 0,7 пайызға қымбаттаған. Жұмыртқа мен картоп бағасының көтерілуі негізгі азық-түлік тауарларының қымбаттауының басты қозғаушы күшіне айналды. Жұмыртқа бағасының салыстырмалы түрде жоғары өсу қарқыны қатарынан 17 апта бойы (0,6%-дан астам) жалғасып келеді.

Нәтижесінде қыркүйектен желтоқсанға дейін жұмыртқа бағасының айлық өсу қарқыны биылғы жылдың ең жоғары көрсеткіші болды. Орташа алғанда – 4,5%. Салыстыру үшін 2021 жылы бұл көрсеткіш 2,4% құраған.

Дегенмен, жұмыртқа бағасы үнемі өсіп отыратын өнім екенін ескерген жөн. Оның үстіне, бағаның ерекше қымбаттауы күн суытқан кезде байқалады.

Сонымен қатар картоп бағасы да 0,6%-ға өскен. Картоп бағасы соңғы 24 аптада үшінші рет көтеріліп отыр.