Қазақстанда жұмыссыз жастардың үлесі қандай

0
2 575

Өңірлерде жастар ісімен 207 кеңес тұрақты айналысса, әр кәсіпорында, жоғары оқу орындары мен колледждерде жастар істері жөніндегі комитеттер жұмыс істейді.


Қазақстанда жұмыссыз жастардың үлесі қандай

ERNUR.KZ. Бүгін Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев жастар арасындағы жұмыссыздық туралы айтып берді, деп жазады ҚазАқпарат.

Жастар арасындағы жұмыссыздыққа тоқталған министр, ресми статистика бойынша соңғы 15 жылдың ішінде жастардың жұмыссыздық деңгейі 10 пайызға төмендеді. Соңғы үш жылда жұмыссыз жастардың саны 92 мыңнан 81 мыңға, яғни 4,1-ден 3,9 пайызға дейін қысқартылды. Жалпы, Қазақстандағы жұмыссыз жастар деңгейі ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің арасында ең төменгі болып саналады. Солай десек те, біз жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесін түбегейлі шешіп тастадық деп айта алмаймыз. Мұны ашық айтуымыз қажет», - деді.

Осы орайда Д. Кәлетаев бұл мәселенің шешімі жастардың түрлі санатын жұмыспен қамтудың жол картасы аясында қарастырылып жатқанын атап өтті.

Оның атап өтуінше, өңірлерде жастар ісімен 207 кеңес тұрақты айналысса, әр кәсіпорында, жоғары оқу орындары мен колледждерде жастар істері жөніндегі комитеттер жұмыс істейді. Олардың саны бүгінде 818, оның ішінде жоғары оқу орындарында -119, колледждерде - 525, ал кәсіпорындарда -174.

«Жастармен атаулы жұмыс жүргізу үшін барлық өңірлерде жастар ресурстық орталығы құрылған. Олардың саны - 208. 2017 жылы қыркүйекте Үкіметтің шешімі бойынша министрліктің басқаруына «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы берілді. Орталықта Мемлекеттік жастар саясаты мектебі жұмыс істейді, оның жастармен айналысатын мамандар сертификатталған оқытудан өтеді. Мысалы, 2018 жылы 500-дей адам осы оқытудан өтті. Сондай-ақ, елімізде жастар тақырыбы бойынша 500-ден астам үкіметтік емес ұйымдар жұмыс істейді», - деді министр.