Қазақстанда жүрекке тағы бір инновациялық ота жасалды

0
1 167

Инновациялық құрылғы Израильде жасалған. Оның қызметі кәдімгідей кардиостимулятормен бірдей. Бірақ ешқандай сымдары жоқ. Соның арқасында еркін қозғалып, салауатты өмір салтын ұстануға толық мүмкіндік бар.


Қазақстанда жүрекке тағы бір инновациялық ота жасалды

ERNUR.KZ. Ұлттық ғылыми кардиоxирургиялық орталық мамандары әлем бойынша алғаш рет тағы бір сәтті операцияны жасады. Оның басты ерекшелігі сол, адамның жүрегіне сымсыз қанайналым құрылғысы орнатылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Орталық басшысы Юрий Пяның айтуынша, жүректің сол жақ қарыншасының көмекші құрылғысы адамға еркін қозғалуға мүмкіндік береді. Себебі сыртқа ешқандай кабельдер шығарылмайды. Ал қанайналым құрылғысын зарядтау оңай, оның қуаты 8 сағатқа жетеді. Бірегей операция 24 жастағы Исмаил Тұрсыновқа жасалды.

«Мен оны ғарышқа ұшқан космонавтқа теңейтін едім. Себебі оған әлем бойынша алғаш рет инновациялық құрылғыны орнату операциясы жасалды. Науқас болып түскенде ол өз бөлмесінен шыға алмайтын, қатты демікпесі болды. Сол себепті үнемі дәрігерлердің бақылауында жүрді. Қазір жағдайы жақсы, далада қыдырады, спорт залда жаттығады, тіпті, бассейнге де түсе алады», - деді Ю.Пя Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Инновациялық құрылғы Израильде жасалған. Оның қызметі кәдімгідей кардиостимулятормен бірдей. Бірақ ешқандай сымдары жоқ. Соның арқасында еркін қозғалып, салауатты өмір салтын ұстануға толық мүмкіндік бар.

«Бұрын денеден сым шығатын жерде бактериялар жиналатын, ол жерді үнемі емдеп отыру қажет. Ал жаңа құрылғыда ондай сымдар жоқ. Үлкен сөмкені бірге алып жүрудің қажеті де шамалы. Адам ешбір кедергісіз жүре алады, душқа түсе алады және тағысын тағы. Аталған аппарат адамның ағзасына толығымен орнатылады. Соның нәтижесінде өмір сүру сапасы да жақсарады», - дейді доктор Мандип Меxра.

Жаңа аппараттың батареясы кеуденің ішінде сол жақта орнатылған. Оны арнайы белбеу арқылы магниттік толқынмен зарядтайды. Ал арнайы қолсағат жүректің соғуын, қанның қысымын және тағы басқа мәліметтерді көрсетіп тұрады. Ю.Пяның сөзіне қарағанда, алғашқы операциядан кейін Исмаил Тұрсынов дәрігерлердің бақылауында болады. Бәрі сәтті болса, жаңа теxнологияның куәлігін алу жоспарланған. Содан кейін оны тегін медициналық көмектің санатына қосуға болады. Сол кезде инновациялық құрылғыны қазақстандықтарға тегін орнатуға мүмкіндік бар.