Қазақстанда жылу мен жарық тарифтері өседі

0
498

Осыған байланысты жылу тарифі кем дегенде 25 пайызға, ал электр энергиясы 15 процентке көтерілуі мүмкін.


Қазақстанда жылу мен жарық тарифтері өседі

ERNUR.KZ. Алмасадам Сәтқалиев энергетика министрлігінің тізгініне келе сала, жылу мен электр энергиясы тарифтерінің қымбаттайтынын айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Осыған байланысты жылу тарифі кем дегенде 25 пайызға, ал электр энергиясы 15 процентке көтерілуі мүмкін.

Нақты қаншаға қымбаттайтыны, құйылатын инвестициялар көлеміне тікелей байланысты деді министр. Сондай-ақ Сәтқалиев, жарық тарифін алдағы 3-4 жыл ішінде жыл сайын кемі 15 процентке өсуі керек екенін атап өтті.