Қазақстандағы дезинфекциялаушы заттар адам өміріне қауіпті: Министрлік түсінік берді

0
895

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау комитетінде желіде тараған ақпаратқа жауап берді.


Қазақстандағы дезинфекциялаушы заттар адам өміріне қауіпті: Министрлік түсінік берді

ERNUR.KZ. Желіде Қазақстандағы қоғамдық көліктер денсаулыққа қауіпті дезинфекциялаушы затпен өңделетіні туралы ақпарат таралды, деп жазады Stan.kz.

Фотосуретте өнімнің бөтелкесі де көрсетілген. Ол "Prodez" деп аталады және оны Беларуссияның "BelAseptika" зауыты шығарады.

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау комитетінде бұл Қазақстанда қоғамдық көліктерде өңдеуді жоққа шығару үшін айтылған қауесет дейді.


"Бұл дезинфекциялаушы құрал ҚР-да тіркелмеген. Бізде қолдануға ұсынылған дезинфекциялаушы құралдар тізімі бар. Олардың ішінде "Prodez" атауы жоқ. Ол ел аумағында қолданылмайды", - деді тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.


Сонымен қатар, ол Қазақстанда қолданылатын барлық дезинфекциялау құралдарының адамдар үшін қауіпсіз екенін және ерітінділерді дайындауға ұсынылатын пропорцияларды көрсететін қолдану жөніндегі нұсқаулықтары бар екенін баса назарға ала отырып айтты.