Қазақстандағы сақтандыру компаниясының қызметі тоқтатылды

0
1 534

​Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі «Сәлем» сақтандыру компаниясының қызметіне уақытша тыйым салды. Бұл туралы еллдің бас қаржы реттеушісі 2018 жылғы 3 наурыз күні «Сәлем» СК» АҚ-на қаулы жіберді, -деп хабарлайды RTNUR.KZ Ұттық Банкке сілтеме жасап


Қазақстандағы сақтандыру компаниясының қызметі тоқтатылды

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі «Сәлем» сақтандыру компаниясының қызметіне уақытша тыйым салды. Бұл туралы еллдің бас қаржы реттеушісі 2018 жылғы 3 наурыз күні «Сәлем» СК» АҚ-на қаулы жіберді, -деп хабарлайды RTNUR.KZ Ұттық Банкке сілтеме жасап

«2018 жылғы 26 ақпандағы № 31 қаулысына сәйкес «Сәлем» сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамына (бұдан әрі – «Сәлем» СК» АҚ) сақтандырудың ерікті нысандағы түрлері бойынша «жалпы сақтандыру» саласында сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына берілген 2016 жылғы 8 тамыздағы № 2.1.54 лицензияның (бұдан әрі - Лицензия) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген пруденциялық нормативтердiң талаптарын және өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердi сақтамағаны үшін алты айға тоқтатылды» -делінген Ұлттық Банк хабарламасында.

Осы уақытта «Сәлем» СК» АҚ-на қолданыстағы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын ұзартуды және сақтандыру сыйлықақыларын, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жауапкершілігінің көлемін ұлғайту көзделетін оларды өзгертуді қоса алғанда, жаңа сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасуға, сондай-ақ сақтандырудың ерікті нысандағы түрлері бойынша сақтандыру агенті ретінде сақтандыру делдалдығын жүзеге асыруға тыйым салынады.

Дегенмен, сақтандыру компаниясы бұрын жасалған шарттар бойынша өзіне алған міндеттемелерді орындауға міндеттелді.