Қазақстандағы шаштараздар екі күнде 52 млн теңге табыс тапқан

0
946

Төтенше жағдайдан кейін 4 мамырдан бастап шаштараздар мен барлық дүкендер жұмысын бастады.


Қазақстандағы шаштараздар екі күнде 52 млн теңге табыс тапқан

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Қазақстандағы шаштараздар екі күннің ішінде 52,3 млн теңге табыс тапқан, деп жазады ҚазАқпарат.

«Қызметті қалпына келтірілгеннен кейінгі тек екі күннің нәтижелері бойынша елдегі шаштараз қызметі саласындағы айналым 52,3 млн теңгені құрап, 15 мыңнан астам чек берілді. Бір чектегі орташа табыс 3,5 мың теңгені құрады. 2 күндегі 1,7 млн теңге сомасындағы ең көп кірісті Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкері көрсетті. Екінші орында - табысы 1,4 миллион теңгені құраған Алматы қаласының кәсіпкері, ал үшінші орында - Шымкент қаласының кәсіпкері, оның екі күндегі табысы 1,3 миллион теңгені құрады» - делінген хабарламада.

Еске салсақ, елде енгізілген Төтенше жағдайдан кейін 4 мамырдан бастап шаштараздар мен барлық дүкендер жұмысын бастаған болатын.Сондай-ақ, елімізде шаш қию бағасының қымбаттағаны туралы да айтқан болатынбыз.