Қазақстандық әнші әлемдік жұлдыз Бейонсенің әндерін қайта орындады

0
1 349

«Арыстан Патша»/«Король Лев» кинотуындысында саундтректерді әлемге әйгілі орындаушы Бейонсе орындаса, қазақ дубляжында эстрадалық әнші Дария Ғабдул шырқады.


Қазақстандық әнші әлемдік жұлдыз Бейонсенің әндерін қайта орындады

ERNUR.KZ. «X Factor Қазақстан» жобасының жеңімпазы Дария Ғабдул @dariya_gabdull «Арыстан Патша»/«Король Лев» кинотуындысында Бейонсенің дауысын салды, деп жазады ҚазАқпарат.

Анимациялық классиканың кинонұсқасы Қазақстанда қазақ тілінде де шықты. Фильмге саундтректерді әлемге әйгілі орындаушы Бейонсе орындаса, қазақ дубляжында эстрадалық әнші Дария Ғабдул шырқады.

Бұл Дарияның екінші қадамы.

2012 жылы ол «Батыл жүрек» фильмінің кастингіне қатысқан болатын. Бірақ сынақтан өтпей қалған екен.

«Бұның жақсы тұстары да бар. Ол кезде дубляждау деген қандай күрделі үдеріс екендігін түсінбеппін. Студиядағы барлық жұмыс бір сағатқа созылды. Менің алдыма 60 минут ішінде екі саундтректі орындау міндетін қойды - бұл оңай шаруа емес. Экранда көріністі эмоционалды, интонациямен, дауыс бояуларымен аяқтау өте қиын», - деді әнші.

Дария – Бейонсе шығармашылығының жанкүйері.

«X Factor Қазақстан» тыңдауында ол әншінің репертуарынан ән шырқады. «Менің ойымша, Бейонсе ең үздік орындаушылардың бірі, соңғы жылдардағы музыкалық әлемде негізгі фигура. Оның ән орындау мәнері техникалық жағынан ең күрделілердің бірі саналады. Бейонсенің әнін қайталап айту қиынның қиыны. Маған қажетті уақытта керекті жерден табылу бақыты бұйырды. Бейонсені дәл менің дубляждауым – мен үшін бақыт», - деді ол.

Фильм BI Group компаниясының демеушілік қолдауымен «Болашақ» корпоративтік қоры мен «Меломан» компаниясының

«Өзіңнен баста» жобасы аясында қазақ тіліне дубляждалған болатын. «Өзіңнен баста» жобасы - коммерциялық мақсаттарды көздемейтін әлеуметтік жоба, жеке қазақстандық компаниялар мен меценаттардың демеушілік қолдауымен жүзеге асырылады. 9 жыл ішінде қазақ тіліне 31 Голливуд кинотуынды дубляждалды. Жыл соңына дейін тағы екі фильм - «Малефисента» және «Мұзды өлке 2»/«Холодное сердце 2» фильмдерінің кейіпкерлері қазақ тілінде сөйлейтін болады, ал келесі жылы қазақ тіліне «Walt Disney Pictures», «Pixar» және «Sony Pictures» студияларының тағы 7 фильмі дубляждау жоспарланған.

«Walt Disney Pictures» дауыстық базасына 100-ден астам қазақстандық актердің даусы енген. Қазақ тілі Blu-Ray-де көруге болатын Голливуд фильмдерінің 7 негізгі тілдерінің қатарына кірді.