Қазақстандық әскерилер арасында “Өміріңді сақта” бағдарламасы енгізілетін болды

0
598

Бағдарлама әскери қызметшілер қатарындағы жарақат алудың, өлімнің және суицидтік көріністердің алдын алуға бағытталған.


Қазақстандық әскерилер арасында “Өміріңді сақта” бағдарламасы енгізілетін болды

ERNUR.KZ. Қазақстандық әскерилер арасында “Өміріңді сақта” бағдарламасы енгізілетін болды. Бағдарлама әскери қызметшілер қатарындағы жарақат алудың, өлімнің және суицидтік көріністердің алдын алуға бағытталған, деп жазады Stan.kz.

Әзірленген құжаттың орындалуын бақылауды арнайы құрылған жұмыс тобының мүшелері жүзеге асырады.
Қорғаныс министрлігінің тобына сондай-ақ "Қазақстан ата-аналар одағы" қоғамдық бірлестігінің төрайымы Бағила Балтабаеваны қосқысы келеді. Қоғам белсендісі қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовпен өткен кездесуде әскерилер арасындағы суицид фактілеріне назар аударып, суицидтің алдын алу бойынша бірқатар шараларды ұсынған.
Айта кетейік, ылдың басынан бері қорғаныс министрлігі мен ішкі істер министрлігінің ондаған жауынгері қаза болды. Мұны көпшілігі әскердегі әлімжеттікпен байланыстырады.