Қазақстандық азаматша құндыз тондармен ұсталды

0
1 881

Осылайша, бірлесе отырып жүргізілген контрабандалық операцияның нәтижесінде ұсталған 78 дана құндыз тоңдардың кедендік құны 12 миллион 750 мың теңгені құрады.


Қазақстандық азаматша құндыз тондармен ұсталды

фото: kgd.gov.kz

ERNUR.KZ. Кезекті кедендік тексеру барысында кеденшілер мен экономикалық қылмысқа қарсы күрес және шекара қызметкерлері 78 ірі көлемде құндық тондарды алып өтпек болған азаматша ұсталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алтынкөл» кеден бекетіне қарасты «Хоргос» бақылау-өткізу пунктінде А.Жанар есімді азаматшаның «құндыз тоңдар өткізуі мүмкін» деген ақпарат келіп түскен. Алдын ала сырттай бақылау барысында оның сыбайластарының кімдер екендігі де мөлшермен белгілі болды. Олардың алға қойған жоспары - құндыз тондарды бір адам ғана емес, бірнеше адамға бөліп беру арқылы өткізу болатын. Сондықтан да сезік тудырып алмас үшін бірлескен топ мүшелерін кедендік тексеруден біртіндеп өткізуге тура келді. Сөйтіп, сыбайластар кедендік тексеруден өтіп болған соң, құндыз тоңдарды бір жерге жинаған сәтте ғана кеденшілер мен шекарашылардың және экономикалық қылмысқа қарсы күрес қызметкерлерінің бірлесе әрекет етуінің нәтижесінде қолға түсті.

Осылайша, бірлесе отырып жүргізілген контрабандалық операцияның нәтижесінде ұсталған 78 дана құндыз тоңдардың кедендік құны 12 миллион 750 мың теңгені құрады.

Қазіргі уақытта аталмыш оқиға бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 234 бабының 1 тармағы (экономикалық контрабанда) бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі қарастырылуда.