Қазақстандық банктерден пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлері мәжбүрлеп алынады

0
1 603

Мұрат Теміржанов барлық жұмыс тек заң аясында жүретінін атап өтті.


Қазақстандық банктерден пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлері мәжбүрлеп алынады

ERNUR.KZ Қазақстандық банктерден пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлері мәжбүрлеп алынады, деп жазады Tengrinews.kz

Бұл туралы жерді пайдалану және қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспектор Мұрат Теміржанов Facebook желісіндегі парақшасында мәлімдеді
"Банктердің және басқа да қаржы институттарының кепіліндегі ауыл шаруашылығы жерлері бойынша... Мен, бүгін 2022 жылғы 25 наурыз күні ҚР АШМ ЖРБК барлық аумақтық жер ресурстарын басқару департаменттеріне екінші деңгейдегі банктердің кепіліндегі, сондай-ақ олардың меншігіне немесе жер пайдалануына өткен ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмай жатқан жерлерді мәжбүрлеп алып қою жөніндегі шараларды күшейтуді тапсырдым", - деді Теміржанов.
Мұрат Теміржанов барлық жұмыс тек заң аясында жүретінін атап өтті.