Қазақстандық бітімгерлер бейбітшілікті қолдау операциясын өткізді

0
690

Оқу-жаттығуға барлығы 1 700-ден астам әскери қызметші, 300-ден аса әскери техника мен әскери авиация тікұшақтары жұмылдырылды.


Қазақстандық бітімгерлер бейбітшілікті қолдау операциясын өткізді
ERNUR.KZ. Ресей Федерациясында өткен «Мызғымас бауырластық-2021» бірлескен оқу-жаттығуы барысында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Ұжымдық бітімгершілік күштері бейбітшілікті қолдау жөніндегі міндеттерді пысықтады, деп жазады inform.kz

Жауынгерлік даярлық департаментінің бастығы – Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Дәулет Оспанов бірлескен оқу-жаттығу басшылығының құрамында қазақстандық бөлімшенің іс-қимылын үйлестірді.

Оның айтуынша, оқу-жаттығудың негізгі мақсаты бейбітшілікті қолдау жөніндегі бірлескен операцияны өткізуде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық бітімгершілік күштері бөлімшелерінің үйлесімді байланысын арттыру болды.

Қазақстандық бітімгерлер гуманитарлық жүгі бар лектерді алып жүру, жергілікті жерді патрульдеу бойынша оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындауға қатысты, шартты дағдарыс ауданындағы қақтығысты реттеу үшін елді мекенді бұғаттады. Қорытынды кезеңде тәжірибе іс-қимылының кешенді ойыны өткізілді. Оқу-жаттығуға барлығы 1 700-ден астам әскери қызметші, 300-ден аса әскери техника мен әскери авиация тікұшақтары жұмылдырылды.