Қазақстандық депутаттар бес жыл жалақысын көтермей жұмыс істеуге келісетінін айтты

0
666

Мәжіліс депутаттарының айтуынша, олардың жалақысы 500-800 мың теңге аралығында.


Қазақстандық депутаттар бес жыл жалақысын көтермей жұмыс істеуге келісетінін айтты

ERNUR.KZ. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары жалақыны көтеруге бес жылға мораторий енгізуге қарсы болмайтынын мәлімдеді, деп жазады Tengrinews.kz.

"Банк картам әйелімде. Шамамен бір 630-650 мыңдай қолына алады. Ет ауылдан туыстарымыздан келеді. Азық-түлік бағасы күн сайын өсіп жатыр. Жалақыдан жалақыға дейін өмір сүрап жатырмыз десек болады", - деді Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров.

Бұл мораторий министрлер мен әкімдердің жалақысына әсер етеді. Ол кеше күшіне енді. Мұндай шешімді Мемлекет басшысы аталған қызметкерлердің еңбекақысы жеткілікті деңгейде деп есептей отырып қабылдады.

Жалақы мәселесін талқылау жыл соңында басталды. Сонда елде министрлер орта есеппен 900 мың теңге, ал мемлекеттік қызметте тәжірибесі бар облыс әкімдері 1 миллион 800 мың теңге алатыны белгілі болды.

Мәжіліс депутаттарының айтуынша, олардың жалақысы 500-800 мың теңге аралығында.

"Бұған дейін мен мұндай айлық алған емеспін. Сол себепті қазіргі айлық менің ойымша, тиімді. 600 мың теңгенің шамасында аламын. Шамамен, 150 мың теңгедей азық-түлігімізге кетеді. Өйткені, енді көпбалалы отбасымыз. Басқасының бәріне жетеді" - деді Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев.