Қазақстандық электровоздар Әзербайжанға жеткізілуде

0
1 931

Локомотив Астанадағы «Электровоз құрастыру зауытының» желісінде құрастырылды.


Қазақстандық электровоздар Әзербайжанға жеткізілуде

ERNUR.KZ. Әзербайжан темір жолдары үшін шығарылған кезекті қазақстандық электровоз Қырқыншы станциядан жөнелтілді, деп жазады baq.kz.

Электровоз темір жолмен Құрық-порты станциясына дейін жол жүріп өтсе, ал бұл - шамамен 2,5 мың км. Содан соң «Меркурий» паромдық кемесімен Каспий теңізі арқылы Алят портына жеткізілді.

AZ8А сериялы жүк локомотиві Әзірбайжан темір жолдарына бейімделген қазақстандық KZ8А электровозының баламасы болып табылады. Локомотив Астанадағы «Электровоз құрастыру зауытының» желісінде құрастырылды.