Сыроежкин – қытайтанушы ғалым, көптеген кітаптың, сондай-ақ орыс, ағылшын және қытай тілдеріндегі мыңнан аса мақаланың авторы.
ERNUR.KZ. Белгілі қазақстандық ғалым Константин Сыроежкин 10 жылға сотталды, деп жазады sputniknews.kz.
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер бойынша соты Константин Сыроежкинді қылмыстық кодекстің 175-бабының 1-бөлімі "Мемлекетке опасыздық жасау" бойынша кінәлі деп танып, 10 жылға соттады.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, сот үкімі 2019 жылдың 7 қазанында шыққан. Констатин Сыроежкин – Қазақстан азаматы.
Констатин Сыроежкин туралы не білеміз? Қазақстан президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының сайтында 62 жастағы Сыроежкин 2006 жылдың басынан бері бас ғылыми қызметкер екені хабарланған.
Мамыр айының басында БАҚ-та қазақстандық арнайы қызметтер Сыроежкинді, алдын ала болжам бойынша, тыңшылық жасады деген айыппен ұстағаны туралы ақпарат жарияланды.
Кейінірек қазақстандық ғалымдар биліктен Сыроежкинге қатысты жағдайды түсіндіруді және егер бұл ақпарат расталса, тергеу барысын жеке бақылауға алуды сұрады.
2019 жылдың 15 қаңтарында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сыроежкинге қатысты қылмыстық кодекстің 175-бабының 1-бөлігі "Мемлекетке опасыздық жасау" бойынша қылмыстық іс қозғады.
Сыроежкин – қытайтанушы ғалым, көптеген кітаптың, сондай-ақ орыс, ағылшын және қытай тілдеріндегі мыңнан аса мақаланың авторы.