​ Қазақстандық оқушылардың ата-аналарына қауіпті ойындардың тізімі бар хабарлама жіберілді: Балалардың смартфонынан нені өшіру керек

0
272

Мектеп әкімшілігі балаларды қауіпке итермелейтін ойындардың түрлі жарақаттарға әкелуі мүмкін екенін ескертті.


​ Қазақстандық оқушылардың ата-аналарына қауіпті ойындардың тізімі бар хабарлама жіберілді: Балалардың смартфонынан нені өшіру керек

ERNUR.KZ. Қазақстанда мектеп әкімшілігі қандай ойындардың балалар үшін қауіпті екенін айтып, ата-аналарға одан сақтанудың жолын көрсетті, деп жазады stan.kz.

Мектеп әкімшілігі балаларды қауіпке итермелейтін ойындардың түрлі жарақаттарға әкелуі мүмкін екенін ескертті.

“Бұл мазмұны ата-аналарға көріне бермейтін, мобильді қосымшаларда жасырылған шағын ойындар болуы мүмкін. Telegram және TikTok әлеуметтік желілерінен "Бізбен ойна!” деген шақыртулар келуі ықтимал. Мұндай үндеулерді 18+ кітаптардан да табуға болады. Бұлардың ең қауіптісі: “ "Тихий дом", "Разбуди меня в 4:20", "Море китов", "Синий кит", "Красный дельфин ", "Млечный путь", "U19", "F57", " SchoolBoy RunaWay -Stealth", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ мектеп басшылығы қауіп-қатердің алдын алу үшін балалармен жиі сөйлесіп, олардың қандай ойын ойнайтынын бақылауға алуға кеңес береді.

  • Контентті бақылауға алу. Балаңыз ойнайтын ойынды үнемі тексеріңіз. Ойынның баланың жасына сай келетінін анықтау үшін рейнтингін қарап, шолу жасаңыз;
  • Ереже орнатыңыз. Балаңызбен қандай ойындарға рұқсат етілетінін, қайсысын ойнауға болмайтынын талқылаңыз. Ойындарға шектен тыс қызығушылығы артпас үшін уақытпен шектеу қойыңыз;
  • Сыни ойлауын дамытыңыз. Баланы ойын мазмұнын талдауға үйреткен жөн. Ойындарда көрсетілгеннің бәрі шынайы өмірде бола бермейтінін және қауіпсіз емес екенін түсіндіріңіз;
  • Бірге ойнаңыз. Балаңызға уақыт бөліп, бірге ойнаңыз. Бұл олардың қандай ойын ойнайтынын жақсы түсінуге және қауіптің алдын алуға көмектеседі;
  • Мінез-құлқына мән беріңіз. Балаңыздың мінез-құлқында қандай өзгерістер барын бақылаңыз. Егер ойыннан соң ол ашушаң әрі тұйық бола бастаса, ойнап жүрген ойындарын ауыстырыңыз;
  • Ата-ана бақылауын қолданыңыз. Қажетсіз әрі орынсыз ойындар мен контентке телефондағы ата-ана бақылауын орнатыңыз;
  • Басқа балалардың ата-анасымен талқылаңыз. Өзге ата-аналармен талқылап, тәжірибеңізді бөлісіңіз. Олар қандай ойындарды қауіпсіз деп санайды, соны біліңіз.

Мектеп әкімшілігі ата-аналардан балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ойындар әлемінде дұрыс таңдау жасауға көмектесуін сұрайды. Сондай-ақ мектептегі әр сыныпта "Компьютерлік ойындардың пайдасы мен зияны" тақырыбында пікірталас жүргізіп, ата-аналармен және оқушылармен бірге киберқауіпсіздіктің алдын алу бойынша тренингтер өткізу жоспарлап отырғанын атап өтті.