Қазақстандық оқытушылардың жалақысы айтарлықтай көтерілуі мүмкін

0
654

Бұл туралы Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің басшысы Асхат Аймағамбетов хабарлады.


Қазақстандық оқытушылардың жалақысы айтарлықтай көтерілуі мүмкін

ERNUR.KZ. Университет оқытушыларының жалақысы көтерілуі мүмкін, деп жазады tengrinews.kz.

Бұл туралы Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің басшысы Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Ол комитет депутаттары республикалық бюджет жобасына ЖОО оқытушыларының жалақысын көтеруге қатысты түзету енгізгенін атап өтті.

"Әлеуметтік-мәдени даму комитеті университет оқытушыларының жалақысын көтеру бойынша республикалық бюджеттің жобасына арнайы түзетулерді ұсынды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ЖОО-лардың профессор оқытушылық құрамының жалақысын көтеру бойынша Үкіметке бірнеше рет тапсырма беріп еді. Оқытушыларлың жалақысын арттыру үшін, бюджеттен әр грантқа бөлінетін қаражат көлемін көбейту керек", - деп жазды Асхат Аймағамбетов.

Сондықтан, түзетулерімізге байланысты Комитеттің депутаттары магистратурада оқу бойынша бюджеттен университеттерге төленетін гранттың құнын еселеп көбейтуді, ал бакалавриаттың соммасын тиісті пайызға өсіру бойынша қаражат бөлу туралы нақты ұсынысты заң жобасына берген.

"Аталған шешімдер бойынша соңғы нүкте Мәжілістің жалпы отырысында қойылады. Бұл қадамдар оқытушылардың жалақысын 40 пайызға дейін көтеруге мүмкіндік береді", - делінген жазбада.