Қазақстандық самбошы әлем чемпионы атанды

0
1 721

Жас самбошы 52 кг салмақта қарсыластарының бәрін тізе бүктіріп, үздік шықты.


Қазақстандық самбошы әлем чемпионы атанды

ERNUR.KZ. Батысқазақстандық Бақыт Ерасыл Ташкент қаласында жасөспірімдер арасында самбодан өтіп әлем чемпионатында жеңімпаз атанды, деп жазады ҚазАқпарат.

Бақыт 52 кг салмақта қарсыластарының бәрін тізе бүктіріп, үздік шықты.

Бапкері Бірлес Есенғалиев жаттықтыратын Б.Ерасыл - Жаңақала ауданының түлегі. Бұдан бұрын да айтулы додаларда жүлде алып жүрген, болашағынан үлкен үміт күттіретін жас самбошы.


Айта кетсек, Бақыттың алғашқы бапкері - Ернар Ғұбайдоллин болған.