Қазақстандық сейсмологтар жер сілкінісін тіркеді

0
23 021

Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 445 шақырым қашықтықта жер сілкінді.


Қазақстандық сейсмологтар жер сілкінісін тіркеді

ERNUR.KZ. Бүгін таңертең Алматыдан 445 шақырым жерде жер сілкінді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«ТЖМ ғылыми орталығының сейсмикалық станциялар желісі 8 сәуірде таңғы сағат 4:20-да жер сілкінісін тіркеді. Жер асты дүмпулерінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 445 шақырым жерде - Қытай аумағында болды. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9,9. MPV магнитудасы 4,1. Тереңдігі 10 шақырым», - делінген хабарламада.