Қазақстандық шенеунік қызметке тағайындау үшін 2 млн теңге пара алды

0
2 401

​Қазіргі таңда күдікті сотқа тапсырылды. Оның кінәлілік дәрежесіне қатысты түпкілікті шешімді сот шығарады.


Қазақстандық шенеунік қызметке тағайындау үшін 2 млн теңге пара алды

ERNUR.KZ. Жамбыл облысында қол астындағы қызметкерін жаңа қызметке тағайындау үшін 2 миллион теңге пара алған шенеунікке қатысты іс тергелді, деп жазады sputnik.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров Жамбыл облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі тергеп жатқан іс туралы айтты. Оның сөзіне қарағанда, еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаменті басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Ол алаяқтық жасап, департамент басшысының орынбасары лауазымына тағайындауға жәрдемдесу үшін қол астындағы қызметкерінен 2 миллион теңге пара алды деп айыпталып отыр.

"Қазіргі таңда күдікті сотқа тапсырылды. Оның кінәлілік дәрежесіне қатысты түпкілікті шешімді сот шығарады", - деді Биғайдаров.