Қазақстандық стипендияға 80 елден 2 мыңнан астам өтініш білдірді

0
940

Осымен төртінші жыл қатарынан елімізде шетелдік азаматтарға, оның ішінде Қазақстан азаматы болып саналмайтын ұлты қазақ тұлғаларға арналған стипендиялық бағдарламаға үміткерлерді іріктеу жүргізілуде.


Қазақстандық стипендияға 80 елден 2 мыңнан астам өтініш білдірді

ERNUR.KZ. Қазақстандық университеттерде оқуға мүмкіндік беретін білім беру гранттарына арналған конкурсқа әлемнің 80 елінен 2 149 адам қатысты, деп жазады Inbusiness.kz.

"Аталған бағдарламаға қатысуға ниет білдірушілер саны жыл сайын артып келеді.

Биыл бағдарламаға қатысуға 6 024 өтінім келіп түсті. Үміткерлер бағдарлама талаптарына сәйкес қатаң іріктеуден өтті. Өтінім білдірушілер жоғары академиялық үлгерім, талап етілген құжаттардың бар болуы және іріктеудің барлық кезеңдерінен сәтті өтуі негізінде іріктелді. Қазіргі күнде үміткерлердің нәтижелерін талдау жұмыстары жүргізілуде", — делінген ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарламасында.

Биыл стипендиялық бағдарламаға қатысуға өтінім беру 30 наурыз бен 30 маусым аралығында жүргізілді. 2023 жылы аталған бағдарлама бойынша 550 грант бөлінді.

Соңғы шешім осы жылдың тамыз айының соңғы он күнінде Ғылым және жоғары білім министрлігі жанындағы стипендиаттарды іріктеу жөніндегі Конкурстық комиссияның шешімімен қабылданады.