Марат Сабалақов - инвестициялық топтың иесі.
ERNUR.KZ. Испаниялық БАҚ өкілдері қазақстандық кәсіпкер әрі Словакияның экс-құрметті консулы Марат Сабалақовтың қайтыс болғаны туралы жазды, деп жазады tengrinews.kz.
Бірнеше басылымының мәліметінше, Марат Сабалақовтың денесі Испаниядағы вилланың бағынан табылған. Сондай-ақ, ер адамның мәйіті Аликанте қаласындағы заң медицина институтына тапсырылғаны айтылады. Өлімнің себебі сот-медициналық сараптамадан кейін белгілі болады.
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, "испан полициясы Қазақстан азаматының қайтыс болғанын хабарлаған. Оқиғаның мән-жайын білу мақсатында консул оқиға орнына аттанды", - деді ол.
БАҚ мәліметінше, Марат Сабалақов - инвестициялық топтың иесі. Forbes тұжырымы бойынша 2015 жылы Қазақстан рантье рейтингіне кірген.
2015 жылы қарашада Словакияның құрметті консулы мәртебесіне ие болды. Оның функциясына Словакия мен Қазақстан арасындағы экономика, сауда, мәдениет, ғылым және білім беру салаларындағы қарым-қатынастардың жақсарту кірген.