Финалда Шамшадин корейлік Вон Джин Киммен бақталасты.
ERNUR.KZ. Қазақстандық Мағжан Шамшадин Хорватияда өткен Grand Slam сериясындағы дзюдодан турнирдің жеңімпазы атанды, деп жазады Stan.kz.
Мағжан 60 келіге дейінгі салмақта алтынға таласты.
Финалда Шамшадин корейлік Вон Джин Киммен бақталасты. Ұзақ уақыт бойы дзюдошылар мықтыны анықтай алмады.
Нәтижесінде Ким Шамшадинге шабуылы барысында үш ескерту алып, Мағжан автоматты түрде жеңіске жетті. Ал қарсылас күміс иеленді.