​Қазақстандықтар Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған ескерткіштің сүрілгеніне наразылық білдірді

0
1 253

Ескерткіштің 4 қыркүйекте сүрілгені айтылады.


​Қазақстандықтар Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған ескерткіштің сүрілгеніне наразылық білдірді

ERNUR.KZ. Қостанай облысының Қарабалық ауданында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған ескерткіш алынып тасталды, деп жазады Tengrinews.kz.

Басылымның мәліметінше, жергілікті тұрғындар әлеуметтік желілерде алынып тасталған ескерткіштің қаланың көрікті жерлерінің бірі болғанын жазып жатыр. Алайда Қарабалық ауданы әкімдігінің өкілдері олай ойламайды.

Ескерткіштің 4 қыркүйекте сүрілгені айтылады. Кейінірек онда жаңа ескерткіш орнатылады екен.

"Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері жаңа ескерткіш орнатуға рұқсат берген. Біз оны қазан айының ортасында орнатқымыз келіп отыр. Жергілікті билік өкілдері қаржылай көмектеседі. "Қарабалық батыр" қоғамдық қоры ақша жинап жатыр. Жаңа ескерткіш қоладан жасалады", - деді Қарабалық ауданы әкімінің орынбасары Анаргүл Шәменова.

Басылымның мәліметінше, сүрілген ескерткіш 2015 жылы орнатылған. Оған 600 мың теңге көлемінде ақша жұмсалған. Қазір мессенджерлерде ескерткіштің алынып жатқан сәті түсірілген видеолар таралып жатыр.