Сарапшылардың мәліметіне қарағанда, еліміздегі 18 миллион адамның 15 миллиондайы интернетке қосылған.
ERNUR.KZ. Өткен жылы отандастарымыз компьютерлік ойындарды сатып алу үшін 200 миллион АҚШ долларынан астам қаржы жұмсады, деп жазады 24.kz.
Мұндай мәліметті Newzoo компаниясы жариялады. Осылайша виртуалды ойындарды ең көп саудалаған елдердің тізімінде Қазақстан 44-ші орынға тұрақтады. Сарапшылардың мәліметіне қарағанда, еліміздегі 18 миллион адамның 15 миллиондайы интернетке қосылған.
Ал ТМД елдері бойынша көш басында Ресей тұр. Көрші елдің азаматтары виртуалды ойыншыларға бір жарым миллион АҚШ долларын жұмсаған. Ал әлемде компьютерлік ойынды ең көп саудалаған – қытайлықтар. Олар виртуалды ойындар үшін 34 миллиард АҚШ долларын жаратыпты. Екінші орында Америка Құрама Штаттары. Үштікті Жапония түйіндеді. Жапондар компьютерлік ойындарға 17 миллиард доллар жұмсаған.