Қазақстандықтар мемлекеттік қызметкерлердің жұмысын онлайн бағалап, олардың жалақысына тікелей әсер ететін болады.
Фото: Zakon.kz
ERNUR.KZ. Енді қазақстандықтар шенеуніктердің жалақысын қысқарта алады. Мұндай мүмкіндік келер жылдан бастап қолданысқа енеді, деп жазады zakon.kz.
Яғни қазақстандықтар мемлекеттік қызметкерлердің жұмысын онлайн бағалап, олардың жалақысына тікелей әсер ететін болады.
Бұл туралы Жоғары аудиторлық палатасы жанындағы Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығы мәлім етті.
Рейтингі төмен шенеуніктердің жалақысы қысқарады. Мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс сапасын арттыру, халықпен байланысын нығайту — жаңашылдықтың басты мақсаты.