ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бюджеттік комиссиясы осындай шешім қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бірыңғай дистрибуция жүйесі арқылы дәрілерді сатып алу кезінде үнемделген 23 млрд. теңге қосымша дәрі-дәрмектерді сатып алуға бағытталады. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бюджеттік комиссиясы осындай шешім қабылдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Бүгінде аймақтар тегін дәрілік қамтамасыз ету тізімінен тапшылық көріп отырған барлық препараттарға қосымша тапсырыс бере алады. Бұл үнемдеу орталықтандыру нәтижесінде анықталған барлық емделмеген науқастарға медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.
«Амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етуді орталықтандыру қазір барлық диспансерлік пациенттердің тегін дәрі-дәрмектермен қамтылмағанын көрсетті. Қазір барлық қамтылмаған пациенттерді есепке ала отырып, медициналық ұйымдарға дәрі-дәрмектерге қосымша өтінімдер жасауға мүмкіндік беріледі», - деді СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасының міндетін атқарушы Берік Шәріп.
Сонымен қатар, ол 23 млрд теңге көлеміндегі айтарлықтай үнемдеу амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етуді орталықтандырудың арқасында екенін атап өтті.
«Бүкіл республика бойынша сатып алынған көлемдерді біріктіру арқылы бағаны айтарлықтай төмендетуге, сондай-ақ бірыңғай дистрибьютордың сатып алу тетіктері, соның ішінде зауыт-өндірушілерден тікелей халықаралық ұйымдар арқылы дәріні сатып алу мүмкіндіктеріне, сондай-ақ бағаны төмендету аукционы нәтижесінде қол жеткізілді», - деді бірыңғай дистрибьютор басшысы.
Осы үнемдеудің негізінде денсаулық сақтау басқармаларынан бірыңғай дистрибьюторға әрбір медициналық ұйымдар үшін препараттарға қазірдің өзінде алдын-ала өтінім жіберілді. Енді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бюджеттік комиссиясының келісімі бойынша медициналық ұйымдармен шарттар жасалады, ал шілде айында сол бойынша оларға дәрілерді жеткізу басталады.