Қазақстандықтар үшін Шенген визасын алу қиындайды – Сыртқы істер министрлігі

0
580

Бұған дейін әлеуметтік желіде Қазақстанның Шенген визасын алу бойынша арнайы тізімге енгені туралы ақпарат тараған еді.


Қазақстандықтар үшін Шенген визасын алу қиындайды – Сыртқы істер министрлігі

ERNUR.KZ. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров қазақстандықтар үшін Шенген визасын алу күрделене түсетінін мәлімдеді, деп жазады stan.kz.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Қазақстанның Шенген визасын алу бойынша арнайы тізімге енгені туралы ақпарат тараған еді. Айбек Смадияровтың сөзінше, мұндай тізім туралы Еуропа тарапынан ресми хабарлама келіп түспеген.

"Дегенмен жұмыс негізінде 1 наурыздан бастап Қазақстанның шенген визасын беру кезінде қосымша кеңес талап етілетін азаматтар тізіміне қосылатынын мәлімдеді", – деді министрлік өкілі.

Айбек Смадияров Шенген келісімінде ешқандай "қара" немесе "қызыл" тізімнің жоқ екенін айтады.

"Әңгіме жұмыс процесі туралы. Мұндай шара Шенген келісіміндегі мемлекеттердің бірінің сұранысы бойынша қабылданған. Себебі Еуроодақ ережесіне сәйкес Еуроодақ пен шенген аумағының мемлекеттері виза алуға өтініш білдірген үшінші елдер үшін қосымша кеңес ұйымдастыра алады", – деп түсіндірді ол.

СІМ өкілі мұндай кеңестің 7 күнге дейін уақытты алуы мүмкін екенін мәлімдеді.