Қазақстандықтар Вьетнамға визасыз бара алады

0
392

Қаулы 2023 жылдың 13 маусымында күшіне енді.


Қазақстандықтар Вьетнамға визасыз бара алады

ERNUR.KZ. Үкімет 13 маусымдағы қаулысымен Қазақстан үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының үкіметі арасындағы Ұлттық төлқұжаттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімнің жобасын мақұлдады, деп жазады zakon.kz.

Келісімнің мәтінінде бір тарап мемлекетінің азаматтары жарамды мерзімі кемінде 6 ай болуға тиіс ұлттық паспорты бар азаматтар Қазақстан Республикасының аумағына 30 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге, 180 күнтізбелік күннің әр кезеңі ішінде барлығы 90 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге кіруге, шығуға, транзитпен өтуге, уақытша болу үшін визалық талаптардан босатылады деп көрсетілген.

Егер азаматтар елде аталған мерзімнен ұзағырақ болуды жоспарласа, виза алуға өтініш беруі керек. Бұл ретте әрбір тарап өз мемлекетінің заңдары мен ережелеріне сәйкес өз аумағына кіруден бас тарту немесе болу мерзімін қысқарту құқығын өзіне қалдырады.

Мемлекеттер ұлттық қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті немесе қоғамдық денсаулықты сақтау мақсатында Келісімді уақытша, ішінара немесе толығымен тоқтата алады.

Келісімге Қазақстан үкіметі атынан қол қою өкілеттігі ҚР премьер-министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеуге берілді.

Қаулы 2023 жылдың 13 маусымында күшіне енді.