Қазақстандықтардың банктердегі салымдары 13 трлн теңгеден асты

0
632

Жылдық динамикада көрсеткіш 12,7% артқан.


Қазақстандықтардың банктердегі салымдары 13 трлн теңгеден асты

ERNUR.KZ. Биыл сәуірде жеке тұлғалардың екінші деңгейлі банктердегі салымдары 13,11 трлн теңге болды, деп жазады inbusiness.kz.

Жылдық динамикада көрсеткіш 12,7% артқан.

Елдегі 22 банктің 18-і және үздік ондықтағы 9 банк плюсте.

Банктер арасында абсолют көшбасшы – Bank RBK: бір жылда плюс 47,9%, 351 млрд теңге. Бөлшек депозиттер банк салымдарының жиынтық портфелінде – 40,3%, өткен жылғы көрсеткіш – 39%.

Екінші орында мемлекеттік Отбасы банкі тұр. Ол тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне маманданған қаржы институты болып саналады: бір жылда плюс 45,2%, 2,09 трлн теңге.

Биыл Отбасы банкі екінші деңгейлі банк қатарынан шығарылып,
ұлттық даму институты мәртебесіне ие болады.

Үздік үштікте – Altyn Bank: бір жылда плюс 37,8%, 211,3 млрд теңге. Банктегі жеке тұлғалардың салымдары – 35%.

Жалпы секторда бөлшек салымдар бір жыл бұрынғы деңгейде, яғни екінші деңгейлі банктердегі жиынтық депозиттік портфелдің 51% тең.