Қазақстандықтардың ипотекалық қарызы екі есе көбейген

0
638

Ең көп үйлер Нұр-Сұлтан, Алматы және Шығыс Қазақстанда рәсімделген.


Қазақстандықтардың ипотекалық қарызы екі есе көбейген

ERNUR.KZ. Ел тұрғындары үйге деп банктерден қарыз алуды екі есеге көбейткен, деп жазады 24.kz.

Ұлттық банктің мәліметінше, өткен 9 айда қаржы ұйымдары ипотека үшін азаматтарға 2 трлн теңгеден көп қаражат берген. Ал бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 460 миллиардқа көп.

Осылайша қазақстандықтардың ипотекалық берешегі 28 процентке өскен. Көбіне үйлер Нұр-Сұлтан, Алматы және Шығыс Қазақстанда көп рәсімделген. Ал Солтүстік Қазақстан, Қызылорда мен Түркістан облысында керісінше тұрғын үй үшін банктен қарыз алғандар аз.