Қазақстандықтарға 42 500 теңге туралы SMS келе бастады

0
1 805

Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев 60 мың адамға жеңілдіктерді автоматты есептеу туралы SMS-хабарлама жіберілгенін айтқан болатын.


Қазақстандықтарға 42 500 теңге туралы SMS келе бастады

ERNUR.KZ. Қазақстандықтарға төтенше жағдай кезіндегі әлеуметтік төлем жайлы SMS хабарлама келуде, деп жазады Stan.kz.

"Сізге төтенше жағдай кезеңіне әлеуметтік төлем 03.16.2020 бастап 04.15.2020 қоса алғанда 42 500 сомада тағайындалды", - делінген хабарламада.

Бұған дейін цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев 60 мың адамға жеңілдіктерді автоматты есептеу туралы SMS-хабарлама жіберілгенін айтқан болатын. Сондай-ақ, 280 мың азаматқа әлеуметтік көмек жіберілетін жауап SMS-те есептік жазбаның нөмірін жіберуді сұрайтын хабарлама түседі.

"Жалпы алғанда, миллионнан астам қазақстандықтар жәрдемақыны белсенді түрде алады, яғни ешқандай өтініш берусіз алады. Сондай-ақ, алдағы уақытта біз egov.kz порталында қоңырау қызметін жаңартамыз және сіз SMS-пароль арқылы ЭЦҚсыз өтініш бере аласыз", - деп қосты Жұмағалиев.