Бұған дейін Қазақстан тұрғындары үшін платформада тауар сату функциясы жабық болған.
ERNUR.KZ. Орталық Азия елдерінің сатушылары енді ірі америкалық Amazon электрон коммерция платформасында сауда жасай алады. Компания сатушылар тіркеле алатын елдердің тізімін жаңартты, деп жазады Tengrinews.kz.
Amazon-ның жаңартылған тізіміне Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан кірді. Пайдаланушылар сайтта тауарларын сату үшін аталған елдердің тұрғыны болуы керек және жарамды телефон нөмірі мен халықаралық төлем картасы болуы шарт.
Бұған дейін Қазақстан тұрғындары үшін платформада тауар сату функциясы жабық болған.