Қазақстандықтарға жеке үй салуға 40 мың жер учаскесі беріледі

0
2 733

Биыл жеке құрылысқа арналған жер учаскелеріне инженерлік желілер мен коммуникациялар тартуға 81,7 миллиард теңге қарастырылған.


Қазақстандықтарға жеке үй салуға 40 мың жер учаскесі беріледі

ERNUR.KZ. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов жеке құрылысқа арналған жер учаскелері қалай берілетінін түсіндірді, деп жазады sputniknews.kz.

"Бүгінде жеке құрылыс алаңдарына мемлекеттің есебінен алдымен инженерлік желілер тартылып отырады. Жыл сайын 40 мың жер учаскесінің инженерлік инфрақұрылымы жасалады. Мәселен, 2017-2018 жылдары ішінде республика бойынша 110 мың жер учаскесіне қажетті желілер тартылған болатын", - деді Атамқұлов мәжілісте өткен үкімет сағатында.

Министрдің айтуынша, биыл республикалық бюджетте жеке құрылысқа арналған жер учаскелеріне инженерлік желілер мен коммуникациялар тартуға 81,7 миллиард теңге қарастырылған. Осының арқасында тағы 40 мың жер учаскесі таратуға дайын болады деген жоспар бар.

"Әкімдіктерге 36,8 миллиард теңге аударылды. Осы уақытқа дейін 35,8 миллиард теңге игерілді", - деп атап көрсетті Атамқұлов.