Қазақстанға өзге елдерден бидай әкелуге тыйым салынады

0
1 154

Құжат Ашық НҚА порталында жарияланды.


Қазақстанға өзге елдерден бидай әкелуге тыйым салынады

ERNUR.KZ. Ауыл шаруашылығы министрлігі "Қазақстан аумағына автомобиль, су және теміржол көлігімен бидай әкелуге тыйым салуды енгізу туралы" бұйрық әзірледі, деп жазады inbusiness.kz.

Құжат жобасында ел аумағына үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен автокөлік, су көлігі және теміржол арқылы бидай әкелуге 6 айға тыйым салынатыны жазылған.

Алайда бидайды теміржол көлігімен өндіру және тұтыну мақсатында құс шаруашылығы және ұн тарту кәсіпорындарына әкелуге рұқсат бар. Құжатта көрсетілгендей, осы мақсатта әкелінген бидай ішкі және сыртқы нарықта сатылымға шығарылмайды.

"Бұл тыйым Қазақстан аумағынан тыс жерлерде басталатын және аяқталатын теміржол транзиттік тасымалы аясында ел аумағына әкелінетін бидайға әсер етпейді" — делінген бұйрықтың мәтінінде.

Бұйрық жобасы 2024 жылдың 26 наурызына дейін көпшілік талқысына шығарылған.