Қазақстаннан 33 миллион рубль алып кетпек болғандар ұсталды

0
638

17 сәуірде "Қайрақ" автомобиль өткізу пунктінде қазақстандықтың басқаруындағы Toyota Land Cruiser 200 автокөлігін тексеру іс-шаралары барысында 33 миллион рубль мөлшерінде 404 858 долларға тең ақшалай қаражат табылған.


Қазақстаннан 33 миллион рубль алып кетпек болғандар ұсталды

ERNUR.KZ. Қазақстаннан 33 миллион рубль қолма-қол ақша алып кетпек болғандар ұсталды, деп жазады tengrinews.kz.

ҰҚК Шекара қызметінің Қостанай облысы бойынша департаментінің мәліметінше, 17 сәуірде "Қайрақ" автомобиль өткізу пунктінде қазақстандықтың басқаруындағы Toyota Land Cruiser 200 автокөлігін тексеру іс-шаралары барысында 33 миллион рубль мөлшерінде 404 858 долларға тең ақшалай қаражат табылған.

"ҚР Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы "Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Жарлығына сәйкес шетел валютасын, алтын құймалар мен монеталарды Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салынды. Аталған факт бойынша құзыретті органдар хабардар етілді", - деп хабарлады ҰҚК ШҚ Қостанай облысы бойынша департаменті.