Қазақстаннан Өзбекстанға ет өнімдерінің экспорты ұлғайтылады

0
769

Қазақстанның 19 мал шаруашылығы өнімін өндірушісі өз тауарын Өзбекстанға экспорттау құқығына ие болды.


Қазақстаннан Өзбекстанға ет өнімдерінің экспорты ұлғайтылады

ERNUR.KZ. Тиісті келісімге Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің Ташкентке сапары барысында қол жеткізілді, деп жазады inbusiness.kz.

"Бұған дейін тізілімге 37 қазақстандық кәсіпорын енгізілген болатын. Өзбек тарапына Қазақстанның ветеринария жүйесіне толық шолу жасау қорытындысы бойынша ветеринарлық қызметтің кепілдігімен тағы 19 мал шаруашылығы өнімін өндіруші экспорттау құқықығына ие болды. Нәтижесінде, қазіргі Өзбекстанның тізілімінде 56 қазақстандық кәсіпорын бар", - делінген министрлік мәліметінде.

Айта кетсек, 4-6 шілде аралығында Өзбекстан астанасында Түркі агро-форумы, Түркі мемлекеттері ұйымы мен Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Ауыл шаруашылығы министрлерінің кеңесі өтіп жатыр.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Өзбекстанның Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдерімен кездесті. Тараптар халықаралық күн тәртібінің маңызды аспектілері, оның ішінде азық-түлік қауіпсіздігі және гуманитарлық дағдарыс мәселелері бойынша пікір алмасты. Cондай-ақ, өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайту ниеттерін пысықтады.

Министр мәлім еткендей, Қазақстан Түркі мемлекеттері ұйымдары (ТМҰ) елдеріне отандық өнімнің экспортын ұлғайтуға мүдделі.

"Бүгінгі таңда Қазақстанда ТМҰ елдеріне ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорттық жеткізілімін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік бар. Сондай-ақ, біз терең қайта өңдеу тауарларын жеткізуді ұлғайтуға қызығушылық танытып отырмыз", - деді Ербол Қарашөкеев.