Қазақстаннан Ресейге әскери киімдерді заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды

0
499

Жедел шаралардың нәтижесінде кінәлілер жауапқа тартылып, тәркіленген жүк мемлекет меншігіне өтетіні айтылады.


Қазақстаннан Ресейге әскери киімдерді заңсыз алып өтпек болғандар ұсталды

ERNUR.KZ. Қазақстаннан Ресейге әскери киімдерді алып өтпек болғандар ұсталды, деп жазады stan.kz.

"Қайрақ" автомобиль өткізу бекетінде әскери бас киімдер мен тактикалық рюкзактарды заңсыз алып өтпек болғандардың жолы кесілді. Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мен ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлері жүк бөлігінде әскери киімдер болған "Газель" көлігін ұстады", – делінген ақпаратта.

Дереккөз ұсынған ақпаратқа сүйенсек, өнімнің ілеспе құжаты болмаған.

"Қазір жүк тиелген көлік бақылау-өткізу пункті орналасқан жерде тұр, тауардың шыққан жері мен экспортқа қатысы бар тұлғаларды анықтау шаралары жүргізілуде", – деп мәлімдеді мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі.

Жедел шаралардың нәтижесінде кінәлілер жауапқа тартылып, тәркіленген жүк мемлекет меншігіне өтетіні айтылады.