Қазақстаннан шетелге аударылған ақша көлемі рекордттық деңгейге жетті

0
910

Қазақстаннан аударылған елдердің алғашқы үштігінде Өзбекстан, Түркия және Ресей бар.


Қазақстаннан шетелге аударылған ақша көлемі рекордттық деңгейге жетті

ERNUR.KZ. Қазақстаннан шетелге аударылған ақша көлемі рекордтық деңгейге жетті. Финпром агенттігінің дерегінше, былтыр 1 трлн теңгедей шекара асқан. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 3 пайызға көп, деп жазады inbusiness.kz.

Алайда, транзакциялар саны керісінше 100 мыңға азайған. Аударымның орташа көлемі 415 мың теңге. Қазақстаннан аударылған елдердің алғашқы үштігінде Өзбекстан, Түркия және Ресей тұр. Отандық сарапшылар шетелге ақшаның көп кетуінің бірнеше себебін атады.

Дәлірек айтқанда, миграциялық процестер, ресейліктердің үдере көшуі, валютаның тұрақсыздығы және инфляция. Экономистердің айтуынша, аударымдардың деңгейі жыл сайын өсуі мүмкін.