Қазақстаннан Сирияға 50 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді

0
877

Көмек Алеппо қаласына ҚР Ұлттық ұланының төрт рейсімен жеткізіліп жатыр.


Қазақстаннан Сирияға 50 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді

ERNUR.KZ. Қазақстан Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымының (IOS) қолдауымен жер сілкінісінен зардап шеккен Сирияға 50 тонна гуманитарлық көмегін жеткізді, деп жазады Tengrinews.kz.

Қазақстан, негізінен мемлекеттік резервтен бөлінген азық-түлік, жылы киімдер, шатырлар, кереуеттер мен төсек-орын жабдықтарын жіберді.

Көмек Алеппо қаласына ҚР Ұлттық ұланының төрт рейсімен жеткізіліп жатыр.

IOFS бас директоры Ерлан Байдәулет ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жүктердің жеткізілуін бақылау үшін Сирияға жекелей өзі ұшып кетті.

Алеппо әуежайында Сирия тарапына тиісті көмекті тапсыру рәсіміне Алеппо губернаторының орынбасары Абдель Кадер Дауалиби, Алеппо әуежайының директоры Мұхаммед әл-Масри, Сирияның Қызыл Жарты айы ұйымының өкілдері Самир Шубуки, Ахмад Самун, Анас Самаа, сондай-ақ Қазақстанның Ливандағы елшісі Расул Жұмалы қатысты.

Алеппо губернаторының орынбасары Абдель Кадер Дауалиби қабылдаушы тараптың атынан сөз сөйлеп, Қазақстан халқына зор алғысын білдірді. Оның айтуынша, ауыртпалықты бөлісіп, қиын сәтте көмек қолын созған қазақ халқының көмегі ешқашан ұмыт болмайды.
"Сириядағы, Түркиядағы және басқа елдердегі жер сілкінісінің барлық құрбандарының отбасыларына көңіл айтамын. Біздің команда жағдай тез арада шешіледі деп үміттенеді және құтқарушыларға қажырлы еңбектері үшін алғыс білдіреді", - деді IOFS бас директоры Ерлан Байдәулет