Қазақстаннан тыс жерге бензин тасымалдауға тыйым салынды

0
2 027

​Тиісті құжатты энергетика министрлігі дайындады.


Қазақстаннан тыс жерге бензин тасымалдауға тыйым салынды

ERNUR.KZ. Бензин, дизель отыны және мұнай өнімдерінің кейбір түрін Қазақстан аумағынан автомобильмен тасымалдауға уақытша тыйым салынды, деп жазады inbusiness.kz.

Шектеу мерзімі - алты ай. Сұйық отынды техникалық шартқа сай орнатылған бензин багы мен 20 литрден аспайтын жеке канистрамен ғана әкетуге болады.

Бұйрықтың қатаң сақталуын салықшылар, шекарашылар және полиция бақылауға алады. Шектеу сәуірдің ортасында күшіне енеді.

2019 жылы да осындай шектеу енгізілген. Оған Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың «жанармай шекара маңындағы аймақтардан Ресейге шығарылып жатыр» деген мәлімдемесі себеп болды.

Қазір елімізде өндірілетін жанармай мөлшері азайды. Бірақ 15 сәуірде Атырау мұнай өңдеу зауыты апаттан кейін жұмысын қайта бастайды.