Қазақстанның 9 өңірінде көкөніс бағасы төмендеді

0
522

Еліміз бойынша көкөніс бағасы бір жылда орта есеппен 6%-ға артты. 2023 жылғы қаңтар-ақпан айларының қорытындысы Қазақстанда қызылша (1,2 мың тоннаға дейін), баклажан (704,1 тоннаға дейін) импорты айтарлықтай өскенін көрсетті.


Қазақстанның 9 өңірінде көкөніс бағасы төмендеді

ERNUR.KZ. Бұрыш (70,5%-ға), пияз (69,8%-ға), қырыққабат (66,4%-ға), картоп (44,2%-ға), қызанақ (43,9%-ға), асханалық сәбіз (41,4%-ға), қияр (32,2%-ға) және сарымсақтың (21,5%-ға) импорты жылдық динамикада төмендеген, деп жазады inbusiness.kz.

Бұл ретте картоп, асханалық сәбіз, пияз, қызанақ, қияр сияқты көкөністің экспорты ұлғайды.

Ал, бұрыш пен қырыққабат экспорты азайған. Сарымсақ экспорты 271 тоннаны құрады.

Биылғы наурыздың қорытындысына сәйкес, жаңа піскен көкөніс бағасы бір жылда 5,8%-ға өсті.

Оның ішінде пияз (+55,1%-ға), қияр (+40,9%), қызанақ (+13,2%), қызылша (+2,9%) бағасы күрт қымбаттады. Картоп бағасы жылдық динамикада 7,6 пайызға төмендеді. Сонымен қатар сәбіз (11,9%-ға) және ақ қырыққабат (51,1%-ға) бағасы арзандаған.

Көкөніс қымбатшылығын Алматы облысының тұрғындары қатты сезінген: +26,4%. Антилидерлер қатарында Атырау (+19,7%) және Түркістан (+14,2%) облыстары бар. Бағаның ең төмен жылдық өсімі Абай облысында: +1,5%.

Қазақстанның 9 өңірінде жаңа піскен көкөніс бағасы төмендеді. Әсіресе Павлодар (7,6%-ға), Ақтөбе (7,2%-ға) және Жамбыл (5,1%-ға) облыстарында баға айтарлықтай арзандаған.