Қазақстанның әскери ЖОО-лары қыздарға жаңа мамандықтар ұсынып жатыр

0
5 167

ҚР Қарулы Күштерін ақпараттық технологиялар саласында мамандармен қамтамасыз ету мақсатында алғаш рет «Бағдарламалау» біліктілігін бере отырып, «Киберқауіпсіздік» мамандығы ашылды.


Қазақстанның әскери ЖОО-лары қыздарға жаңа мамандықтар ұсынып жатыр

ERNUR.KZ. Еліміздің әскери ЖОО-ларында қазақстандықтар үшін жаңа әскери мамандықтар қолжетімді болып отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биылғы жылдан бастап Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институтында «Цифрлы Қазақстан» кешенді бағдарламасын іске асыру шеңберінде және ҚР Қарулы Күштерін ақпараттық технологиялар саласында мамандармен қамтамасыз ету мақсатында алғаш рет «Бағдарламалау» біліктілігін бере отырып, «Киберқауіпсіздік» мамандығы ашылды.

ҚР ҚМ Кадрлар және әскери білім департаментінде хабарлағандай, Қорғаныс министрлігінің әскери ЖОО-лары мен Кадет корпусына оқуға түсуге құжаттарды Қазақстанның түкпір-түкпірінен 3000-ға жуық адам берген. Олардың барлығы бөлінген 865 орынға үміттеніп отыр. Ағымдағы жылғы 20 шілдеден бастап бозбалалар төрт кезеңді қамтитын іріктеуден өту үшін оқу орындарына келуге тиіс. Егер азаматтық жалпы білім беру мектептерінің түлектері алдын ала медициналық куәландырудан өздерінің өңірлерінде өтсе, кәсіби психологиялық іріктеу, дене дайындығын, түбегейлі медициналық куәландырудан тікелей білім алатын ЖОО-да өтуге тура келеді.

Осы жылы алғаш рет Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына «Аударма және аударманы жүргіз», «Геоақпараттық картография», «Ғарыштық кешендер желілері мен байланыс жүйелері» және «Жерүсті әскерлердегі емдеу ісі» мамандықтары бойынша қыз балаларды қабылдау жүзеге асырылады.

Аталмыш іріктеу Алматыда Құрлық әскерлері Әскери институтының базасында өтетін болады. Оқыту аяқталған соң қыздар әскери қызметті ҚР Қарулы Күштері қатарында жалғастырады.