Бұл туралы республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Айдын Бикебаев мәлім етті.
ERNUR.KZ. Қазақстанның адвокаттар алқасы аумақтық адвокаттар алқалары басшыларының қатысуымен арнайы кеңейтілген отырыс өкізбек. Жиында Қуандық Бишімбаевтың сотына қатысып жатқан адвокаттарды жария талқылауды тоқтату, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Айдын Бикебаев әріптестеріне «Бишімбаевтың ісіне қатысатын адвокаттарды жария талқыламайық» деген үндеу тастаған.
"Адвокаттарды Бишімбаев ісіне қатысатын әріптестерін жария талқылауды тоқтатуға шақырамын. Бұл әрекеттер кәсіби әдеп кодексін бұзуға әкелуі мүмкін. Әр нәрсенің шегі болуы керек. Әрбір адвокат адвокатураның беделін ойлауы тиіс. Республикалық адвокаттар алқасының төралқасы алдағы күндері осы іске байланысты барлық мәселелер бойынша аумақтық адвокаттар алқалары басшыларының қатысуымен арнайы кеңейтілген отырыс өткізеді", - деп жазды ол.
Айта кетейік, азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген айыппен сотталып жатқан экс-министр Қуандық Бишімбаевты адвокат Лейла Рамазанова, Назкен Құсайынова, Ерлан Ғазымжановтар қорғап жатыр.
Ал, зардап шеккен тарап, яғни, Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді мен оның отбасын негізінен адвокат Жанна Оразбахова, Алия Омаровалар қорғап жүр.