«Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысы экстремистік ұйым деп танылды

0
2 540

Бұл туралы бүгін ҚР Бас Прокурорының ресми өкілі мәлімдеді,-деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысы экстремистік ұйым деп танылды

Бұл туралы бүгін ҚР Бас Прокурорының ресми өкілі мәлімдеді,-деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шет елде қашқында жүрген Мұхтар Әблязов негізін қалаған "ҚДТ" партиясын экстремистік деп тану туралы ҚР Бас Прокуратурасы сотқа арызданған.

"Бүгін Астана қаласы Есіл аудандық сотының шешімімен бұл өтініш толық қанағаттандырылды. ҚДТ экстремистік ұйым деп танылып, оның қызметіне сот тарапынан Қазақстан Республикасының барлық аумағында тыйым салынды. Оған қоса, аталған ұйымға БАҚ-ты, телекоммуникациялық, әлеуметтік желілерді, мессенджерлер мен видеохостингтерді пайдаланып ақпараттық материалдар таратуға да тыйым салынады",- деді ҚР Бас Прокуратурасының ресми өкілі Оксана Лоскутова.