Атырау энергожүйесінде технологиялық өзгеріс болмас үшін кестеге сәйкес "Атырау Жарық" АҚ желілеріндегі кәсіпкерлік қызметке шектеулер енгізілді.
ERNUR.KZ. Қазақстанның батысында электр энергиясының тапшылығына байланысты жарық жаппай өшті, деп жазады zakon.kz.
"9 шілде күні сағат 09:52 шамасында "KEGOC" АҚ жүйелік операторына Батыс өңірінде "апатты режим" жарияланғаны туралы хабар келіп түсті. Сағат 11:05 шамасында апаттың алдын алуға байланысты автомат іске қосылып, 110/35 кВ бірқатар желілер ажыратылған болатын. Оған Атырау мен Маңғыстау облыстарындағы қуаттың тапшылығы әсер етіп отыр", делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Атырау энергожүйесінде технологиялық өзгеріс болмас үшін кестеге сәйкес "Атырау Жарық" АҚ желілеріндегі кәсіпкерлік қызметке шектеулер енгізілді. Салдарынан Атырау облысындағы Махамбет, Қызылқоға аудандары мен Атырау қаласының сол жақ бөлігі жарықсыз қалды.
Сағат 15:33 шамасында жарықсыз қалған барлық аймақтар толықтай электр жарығымен қамтамасыз етілді.
Дегенмен "Атырау Жарық" АҚ-тың Қалалық электр жүйелерінің хабарлауынша, ертең, 10 шілдеде электр желісіндегі апаттық жұмыстарды қауіпсіз жүргізу мақсатында бірқатар мекен-жайларда электр жарығы өшіріледі:
- сағат 10.00-17.00 - Гайдар, Жалаңтөс батыр, Левая перетаска көшелері;
- сағат10.00-18.00 - Ақсай-2 7,12,22 үйлер, Маметова, Дулатов, Самал ы/а 2,4,7,13, 26,27,28 үйлер, Әбдірашит Сыдыханов, Үлкенбайұлы,Адгам Каримов, Кекілбайұлы көшелері, Контейнерный, Береке ықшам аудандары, Контейнерный көшесі, 1,2,3,9,11,15 ұйлер, пр-д 2, Гурьевснаб ауданы,Атырау-Доссор, Бірлік ауылдары, Қорқыт Ата, Ақсарай, Қосыбатыр, Ойсаз, Аманат көшелері, Геолог ауылы, Жаналы, Құрылыс ы/ау, Авангард-4 үй.11,12,12а,12б,13,13а,15,15а,б,21,21а,б Каспий ы/ау, Студенческий даңғылы, Пушкин, Нажмеденов, Сәтпаев көшелері, 8,10,12 үй, Абая көшесі
- сағат - 10.00-19.00 - Балықшы, Мерейлі, Ақжайық, Нұржанов, Көкарна ауылы, 13,15 үй, Курилкино
Уақытша туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұралады.