​"Қазақстанның халық әртісі" құрметті атағын қайтаруға тапсырма бердім - Тоқаев

0
619

Тоқаев қазақстандық өнер майталмандарын Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен құттықтады.


​

ERNUR.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық өнер майталмандарын Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен құттықтады, деп жазады Tengrinews.kz.

Мемлекет басшысы құттықтауын Twitter-де жазды.
"21 мамыр – Қазақстанның мәдениет және өнер қызметкерлері күні. Ел идеологиясы мен жаңғыруында орны айрықша осы саланың барлық майталманын кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Сіздерге шығармашылық табыс тілеймін!", - деді ол.
Тоқаев "Қазақстанның халық әртісі" құрметті атағын қайтару керек екенін де айтты.
"Бүгін тиісті министрлікке "Қазақстанның халық әртісі" құрметті атағын қайтаруды қолға алу туралы тапсырма бердім", - деді Президент.